Алматыда жаяу жүргіншілер серуендеуі үшін автокөліктер қозғалатын кейбір көшелер жабылады, деп хабарлайды Оптимизм.
Ақпаратты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында растады.
«Асқар Байтасов жазғандай, сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар», — деп жазды қала әкімі.
Айта кетейік, демалыс күндері қаланың кейбір көшелерінің жабылуы туралы ақпаратты кәсіпкер Асқар Байтасов жазған болатын. Алайда әкімдіктің баспасөз қызметі бұл ақпаратты алдымен жоққа шығарды.