ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры тағайындалды

Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды.

Қанат Несіпбайұлы 1965 жылы дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) сыртқы экономикалық қызметтер үшін мамандар даярлау мектебін бітірген.

Еңбек жолы: «ҚазАстықТранс» ЖШС басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметкері; «Алатау» Емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті (2014 жылдан); Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 25 наурызына дейін ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директоры. 2019 жылдың наурызынан ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары болды.