Қазақстан жұқпалы емес аурулардың алдын алу тәжірибесімен көршілес елдермен бөлісуде

Бүгін Бішкекте жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларын азайту және зиянды төмендету тұжырымдамасын енгізу бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс шара аясында ЖЕА-мен күресу мәселелері және осы мәселелерді шешу үшін мемлекеттік мекемелерді тарту мүмкіндігі талқыланды, сондай-ақ «Аман-Саулық» қоғамдық ұйымы ұсынған Қазақстандағы ЖЕА көздерінен зиянды азайту тұжырымдамасын қабылдау тәжірибесі ұсынылды.

Мемлекеттік шешімдерді қабылдау үшін маңызды аспектілерінің бірі тұжырымдаманы іске асырудан болған шығындар мен экономикалық тиімділікті есептеу болып табылатыны және ЖЕА пайда болу факторларының барлық қаупі мен көздерін кешенді түрде қарау қажеттілігі атап өтілді.

«Қырғызстанда, әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты, ЖЕА халықтың еңбекке қабілетсіздігінің, сырқаттануы мен мезгілсіз өлімінің негізгі себебі болып табылады. STEPS мәліметтері бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген жұқпалы емес аурулардың даму қауіп факторларын эпидемиологиялық қадағалау бойынша зерттеулер республика халқының өлім-жітімінің 76,8% — ын анықтайды, бұл 25-тен 64 жасқа дейінгі халық арасында ауру қауіпінің негізгі факторларының жоғары таралуымен байланысты», — деп атап өтті Қырғыз Республикасының VI жиын Жогорку Кенешінің дәрігері мен депутаты Альфия Самигуллина.

Қоғамдық денсаулық сақтау стратегияларының бірі зиянды азайту тұжырымдамасы болып табылады, ол адамның алкогольді шамадан тыс тұтыну, нашақорлық, аз қозғалатын өмір салты, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау және семіздік сияқты мінез-құлқымен байланысты жағымсыз әлеуметтік және физикалық салдарларды азайтуға бағытталған.

Қазақстанның тәжірибесімен бөлісуге ЖЕА қауіп факторларын төмендету жөніндегі жұмыс тобының сарапшылары, «Аман-Саулық» қоғамдық ұйымының президенті Бақыт Түменова, және ҚР Үкіметі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның сараптамалық тобы жетекшісінің орынбасары Гүлнар Құрбанбаева шақырылды.

«Адамның денсаулығы мен әл ауқаты кез- келген мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Ел халқының денсаулығы оның әлеуметтік-экономикалық дамуын, интеллектуалдық әлеуетін және адам өмірінің сапасын анықтайды.  Біз әлемде жұқпалы емес ауруларынан жыл сайын 40 миллион адам өледі деп айтқан кезде, біз онымен күресу қажеттігін түсінеміз.  Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін бақылау және үйлестіру үшін 16 сарапшыдан тұратын жұмыс тобы құрылды, оның құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық денсаулық сақтау және экономика саласындағы ұлттық сарапшылар, мемлекеттік құрылымдар мен денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері кіреді. Ұзақ уақыт бойы адам денсаулығын қорғаумен айналыса отырып,мен кез келген тыйым салулардың проблемаларды шешпейтінін түсіндім. Есірткіні, алкоголь мен темекіні саналы түрде қолданатын адамдар, әдетте, осы зиянды әдеттерден арылуы өте қиын. Және «зиянды төмендету» тәсілін қолдана, қоғам оларды таңдау құқығын құрметтей отырып, оларға зиянды балама ұсына алады. 2018 жылы ЖЕА-дан зиянды азайту тұжырымдамасы әзірленді, оған алкоголь, темекі шегу, тамақтану, физикалық инерттілік, нашақорлық және репродуктивті денсаулық кіреді», — деді Бақыт Түменова.

Зиянды төмендету тұжырымдамасы- денсаулық сақтау шығындарын қысқарта отырып, қоғамда тұтынушыларға интеграцияланып қалуға мүмкіндік бере отырып, зиянды азайтуға, өмір сүру сапасын сақтап және жақсартуға бағытталған.

«Бүгінгі таңда ЖЕА Қазақстанда өлім-жітімнің 98,9%- на себеп болып отыр. Денсаулық сақтау бюджетінің 11% — ы осы санатқа жататын ауруларды емдеуге жұмсалады. ҚР ДСМ жанындағы ЖЕА-ның зиянды факторларын төмендету жөніндегі жұмыс тобының сарапшылары жүргізген зерттеуге сәйкес тұжырымдаманы іске асырудың жалпы экономикалық тиімділігі жұқпалы емес аурулармен күресудегі 4 негізгі көзіне (тамақтану, темекі шегу, алкоголь және нашақорлық) қатысты жыл сайын 38,71 млрд.теңгені құрауы мүмкін. Мысалы, темекіні қолданамыз. Қазақстанда 2,5 миллион темекі шегушілер бар. 2018 жылдың мәліметтері бойынша темекі шегу 20 900 адамның ерте қайтыс болуына себеп болды, оның 16 533 ер және 4 367 әйел адам. Есептер 2019 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңде темекі шегушілерді темекінің баламалы түрлеріне жыл сайын ауыстыра экономикалық тиімділік 85,7 млрд.теңгені құрайтынын көрсетті. Темекі шегуге қарсы күрес мақсатында тұжырымдама барлық дәстүрлі темекі тұтынушыларын темекінің жану процесі жоқ және канцерогендік компоненттер саны айтарлықтай аз никотинді жеткізу бойынша өнімдердің балама түрлеріне ауыстыру бойынша тәсілді ұсынады», — деп атап өтті Гүлнар Құрбанбаева.

Зерттеу нәтижелері елдің ересек халқының арасында ЖЕА қауіп факторларының аз таралуы бойынша ағымдағы жағдай туралы объективті пікір құруға және алдағы жылдарда ауруды алдын алуға қатысты тәсілдерді едәуір дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді.

«Қараша айында біз Ереванның жас дәрігерлерінің шақыртуымен конференцияға барып қайттық. Олар зиянды төмендету тұжырымдамасын қабылдауда тәжірибемен бөлісу үшін қоғамдық денсаулық мәселелерімен айналысады. Айта кету керек, Армения елі бұл тұжырымдамаға қызығушылық танытып, Қазақстанмен бірге осы жобаның қатысушысы болуға дайын екендіктерін білдірді», — деді Бақыт Түменова.