Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен өткен жекпе-жекте WBC Continental Americas және WBO Global тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Кездесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Фресно қаласындағы Chukchansi Park аренасында өтті. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген. Алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, артынша нокаутқа түсірді.

Әлімханұлы үшін бұл кездесу кәсіпқой бокстағы сегізінші, әрі сегізінші жеңісі. Ол төрт рет мерзімінен бұрын жеңген. 24 кездесу өткізген канадалық үш рет жеңілген бір рет тең түскен.