Масляков Сабуровқа жауап берді: Мен сені танымаймын да

Қазақстандық стэндапшы Нұрлан Сабуров белгілі ресейлік журналист Юрий Дудьқа берген сұхбатында КТА (КВН) туралы айтқан болатын.

Оның айтуынша, Көңілді Тапқырлар алаңында өнер көрсету үшін олар жарна төлейтін. Әр лига сайын жоғарлаған сәтте жарысқа қатысу жарнасы өсетін. КТА (КВН) бастығы Александр Масляковтың мәлімдеуінше, ол Нұрлан Сабуровты және оның бұрынғы Урал универститеті командасын танымайды екен.

«Біріншіден, мен оның кім екеніңде білмеймін. Екіншіден, қайдағы Урал университеті? Қайдағы жарна? Мен бұл туралы ештеңе айта алмаймын», — деді Масляков.

Қазіргі таңда, Нұрлан Сабуров ТНТ арнасындағы Stand-up және «Что было дальше?» ютуб-жобасында қызмет етеді.