«Елорда жастары сыйлығы -2019» байқауына құжаттар қабылдау басталды

Байқауға 14-29 жас аралығындағы елордалықжастар қатыса алады, деп қала әкімдігінің ресмисайты хабарлады.

Қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 қазанғадейін жалғасады. Байқау елорданың белсенді, шығармашыл жастарын мемлекеттік деңгейдеқолдауға, креативті жастардың үкіметтікұйымдармен тығыз ынтымақтастығына жәнеолардың жетістіктерін xалық арасынданасихаттауға бағытталған.  

Жастар жылы аясында өткізілетін «Елордажастары сыйлығы» сыйлығына 14-29 жасаралығындағы, халықаралық немесереспубликалық байқаулар мен фестивальдердіңжеңімпаздары, өз саласының үздігі атанып, елордамыздың дамуына өзіндік үлесін қосыпжүрген белсенді жастар үміткер бола алады. Байқауда 16 номинация және екі арнайы сыйлыққарастырылған. Байқау комиссиясы әр номинация бойынша үздік үштікті іріктейді, жеңімпаздардыхалықтық дауыс беру қорытындысы бойыншаанықтайды. Олардың есімдері 7 желтоқсан «Бейбітшілік және келісім сарайында»өтетінсалтанатты кеште жарияланады. Сыйлықжеңімпаздарына  дипломдар мен естелікстатуэткалар беріледі.

Байқау ғылым, заманауи шығармашылық өнер, журналистика, әлеуметтік қызмет, спорт, кино жәнетеатр, эстрада, әлеуметтік саланың үздікқызметкері, Өндірістің үздік қызметкері, жылволонтеры, жас кәсіпкер, Үздік мемлекеттікқызметкер, SMM-менеджер, Жыл Студенті жәнет.б. аталымдар бойынша өтеді. Халықтық SMS-дауыс беру біздің ресми сайтта жүзеге асырылады.

Толық ақпаратпен www.elordajastary.kz сайтында танысуға болады.