Шөкеев биыл Арыста қанша баланың бірінші сыныпқа баратынын айтты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев үкімет отырысындағы селекторлық кеңесте Арыс мектептерінің оқу жылына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

— Арыс қаласында биыл бірінші сыныпқа 1418 бала барады, — деді ол.

Әкімнің сөзінше, Арыстағы жарылыстан 16 мектеп пен балабақша зардап шекті.

— Шатырлар, терезелер мен есіктер, сондай-ақ спорттық нысандар қирады. Қазір қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылған. Сіздің тапсырмаңыз бойынша «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының қаржыландыруымен 450 млн теңгеге мектептерге жиһаз алуды жоспарлап отырмыз, – атап өтті Шөкеев.