Шымкентте перзентханадағы дәрігер мен екіқабат әйелдің әрекеті желіні шулатты

Әлеуметтік желілерде Шымкенттің облыстық перинатальды орталығында дәрігер мен екіқабат әйелдің жарыса, жанталаса билеген видеосы кеңінен тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық мекеменің ресми парағына жүктелген бұл видео астына былай деп жазылыпты:

«Ең жақсы дәрігер атағы не істетпейді? Әрдайым ашық және позитивті болуыңыз керек! Қай жерде болмасын, алда болуыңыз керек! Міне, біздің Дәулет секілді. Ол кісі бірінші боп бұл челленджді орындауды құп көрді!!! Дәрігеріміздің мықты біліктілігі мен жақсы көңіл-күйінің арқасында бұл іс те сәтімен аяқталды!».

Жазбада бидің ортасынан үзіліп кетіп отырғаны да жазылыпты. Өйткені екіқабат әйелді арасында толғақ қысқан: бірде ұстап, бірде жіберіп.

Әйел еш қиналыссыз өзі босанған. Көпбалалы ГауҺар қыз баланы дүниеге әкеліпті. Бүлдіршінді үйде