Маманға уақтылы қаралу көптеген науқастың өмірін аман сақап қалуға мүмкікдік береді

Бас пен мойын қатерлі ісігін ерте диагностикалау жөніндегі Еуропалық апталық аясында ҚР онкология саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының докторлары институт директоры, ҚР ҰҒА академигі Қайдарова Д.Р. жетекшілігімен ресейлік әріптестерімен бірге бас пен мойын қатерлі ісігінің ерте белгілері, негізгі қатер факторлары мен аталған аурудың алдын алу шаралары, сонымен бірге Қазақстанда бас пен мойындағы жаңадан пайда болған қатерлі өзгерістерді емдеудің заманауи мүмкіндіктері мен оларды алып тастау бойынша бірегей операциялар туралы айтып берді. 

Қазақстан Бас пен мойын қатерлі ісігін ерте диагностикалау жөніндегі еуропалық апталыққа бесінші жыл қатарынан қатысып жатыр. Шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің эгидасымен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Бас пен мойын қатерлі ісіктері бойынша Қазақстан мамандарының қауымдастығының қатысуымен немістің «Мерк» және швейцариялық «Ацино» компанияларының қолдауымен өтіп жатыр.

Бас пен мойын қатерлі ісігін ерте диагностикалаудың мақсаты – бірінші буын дәрігерлері мен белгілі бір сала мамандарын, сонымен бірге тұрғындарды бас пен мойын қатерлі ісігінің ерте белгілері туралы ақпараттандыруды кеңейту. Бұл өз кезегінде тұрғындардың медициналық жұмысшыларға уақтылы қаралуын, сонымен бірге диагноздың ерте қойылуы мен емделушілерді арнайы көмек көрсетуге әрі қарай бағыттауға мүмкіндік береді. Баспасөз мәслихаты аясында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен «Мерк» және «Ацино» компаниялары арасында аталған компаниялар тарапынан бас пен мойындағы қатерлі ісігі бар науқастарды ғана емес, сонымен бірге колоректальді рак анықталған адамдарды емдеу және диагностикалаудың жаңа әдістерін енгізуге, онкология саласында Қазақстанда өткізіліп жатқан  ғылыми және білім беру іс-шараларын қолдауды қамтамасыз ететін Өзара әрекеттестік туралы ұзақ мерзімді меморандумға  қол қойылды.

«Қазір әйелдер мен ерлер арасында колоректальді обырға шалдығу фактілері өсіп жатыр.  Әрбір кішкентай мең тез өтіп, өмірді қиятын меланоманың белгісі болуы мүмкін. Ауыз қуысы қатерлігі ісігіне шалдығу жайттары да артып жатыр. Ауызда қандай да бір ойық жара, қан ағу, дақтар пайда болып, екі аптадан артық уақыт бойы сақталса, дәрігерге қаралу қажет. Бұл, әсіресе, шылым шегетіндер мен күшті алкогольді тұтынатын адамдар үшін өзекті. Құлақ, тамақ немесе мұрынға қатысты қандай да бір шағымдар туындаса, ЛОР-дәрігерге барып, тексерілген жөн. Әрбір әйел өзінің кеудесін өзі тексере алады. Күдікті түйіндер немесе нығыздалулар болса, дәрігерге қаралу қажет. 50 жастағы ер адамдар ПСА (простато-спецификалық антиген) анализін тапсыру керек. Ол қуықалды безіндегі өзгерістерді көрсетеді. Жыл сайын алдын алу тексерістерінен өткен дұрыс. Мұны өзіңіз қарайтын емханада жасай аласыз. Біз емхана дәрігерлерін онкосақтыққа үйретеміз, өйткені тұрғындары бірінші кезекте оларға қаралады.

Қазақстанды қазір тұрғындар үшін тегін онкоскринингтің 3 түрі бар: сүт безі қатерлі ісігіне (30 жастан бастап 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін), жатыр мойны қатерлі ісігіне (40 жастан бастап 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін) және колоректальді қатерлі ісікке (50 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер үшін). Барлық онкоскринингтерден емханаларда кез келген уақытта тегін өтуге болады», — дейді ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ҒЗИ басқармасының төрағасы, Қазақстан онкологтар қауымдастығының төрайымы, м.ғ.д. Диляра Қайдарова.

Әлеуметтік желілер Қазақстанның барлық тұрғындарын қамтуға және бас пен мойын қатерлі ісігін ерте диагностикалау жобасын жалпыұлттық етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, сандық технологиялар мамандарды оқытуға қолданылады. Үздіксіз медициналық білім беру жүйесі шеңберінде жалпы тәжірибе дәрігерлерін, стоматологтар, ЛОР-дәрігерлер мен онкологтарды оқытудың онлайн бағдарламаларына бас пен мойындағы өзгерістерді диагностикалауға арналған тараулар қосылады.

Роджер Элиа (Roger Elia), Мерк Биофарма ТМД бас директоры: «Жыл сайын Қазақстанда бас пен мойын қатерлі ісігіне 2 мыңдай адам шалдығады. Бас пен мойын қатерлі ісігіне шалдыққан науқастардың өлімінің басты себебі – кеш диагностикалау. Кеш диагностикалауға, бір жағынан, бірінші буын дәрігерлерінің білімінің жетіспеуі және түрлі мамандық дәрігерлері арасындағы қажетті ықпалдастықтың болмауы, екінші жағынан, тұрғындардың ауру туралы және оның даму қатерлері туралы төмен деңгейде ақпараттандырылуы себеп.

Бас пен мойын қатерлі ісігі көмей, ауыз қуысы, жұтқыншақ, мұрын қуысы мен мұрын айналасы, сілекей бездерінде орналасады. Жыл сайын әлемде  бас пен мойынның жайпақ жасушалы қатерлі ісігіне шалдығудың 650 мың оқиғасы тіркеліп, жыл сайын бұл науқастардың жартысына жуығы қайтыс болады. Кеш кезеңдерде бас пен  мойын қатерлі ісігін емдеу мүгедектікке апаратын және науқастардың өмірін айтарлықтай қиындататын операциялардан тұратындықтан күрделі өтеді. Ауруды ерте диагностикалау және адекватты терапия науқастың айығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

«Бас пен мойын органдарының  қатерлі ісігі мен қатерлі ісік алды ауруларын ерте анықтау — емдеу нәтижесінің жақсаруы мен өмірді аман сақтап қалу көрсеткішін арттыруға ықпал ете алатын басты фактор. Аурудың дамуын жиі науқас бірінші болып кеш кезеңдерде өзі біледі. Біз өз тарапымыздан бас пен мойындағы өзгерістер туралы тұрғындардың білімін арттыруға бағытталған шаралар мен жобаларды қолдауға дайынбыз», — дейді «Ацино» компаниясының Қазақстандағы маркетинг бөлімнің бастығы Анна Зикеева.

«Мерк» компаниясы туралы анықтама

Merck – денсаулық сақтау, лайф сайнс  мен жоғары технологиялық материалдар саласындағы жетекші ғылыми-технологиялық компания. Күн сайын Merck компаниясының 66 елдегі  52 000 қызметкері миллиондаған адамның өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамның тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға арналған технологиялар ойлап табады. Біздің компания геномдық редакциялау технологияларын дамытып, ең күрделі деген ауруларды емдеудің бірегей тәсілдерін ашып, жоғары технологиялық құрылғылар ойлап табу арқылы маңызды орынға ие. Ғылыми зерттеулер мен жауапкершілікті кәсіпкерлікті Merck компаниясы әркез өзінің технологиялық және ғылыми қызметінде басты орынға қоя білді. Осылайша Merck компаниясы 1668 жылдан бері дамып келеді. Қоғамдық компания акцияларының бақылау пакеті компания құрылтайшыларының отбасына тиесілі. Merck (Дармштадт, Германия) Merck сауда белгісі мен брендін пайдалануға жаһандық құқыққа ие. Канада мен Америка Құрама Штаттарында компания өз қызметін денсаулық сақтау саласында EMD Serono ретінде, лайф сайнс саласында MilliporeSigma және жоғары технологиялық материалдар саласында EMD Performance Materials ретінде қызметін жүргізеді.

«ACINO» компаниясы туралы анықтама

ACINO – штаб-пәтері Швейцарияның Цюрих қаласында орналасқан халықаралық фармацевтикалық компания. Ол 170 жылдан астам уақыт бойы жоғары сапалы инновациялық дәрілік құралдарды ойлап табу және шығарумен айналысады және өз өнімін әлемнің 80-нен астам еліне жеткізеді. Бүгінде компанияда жоғары білікті 1900 қызметкер жұмыс істейді. Фармацевтикалық компаниялардың әлемдік серіктесі ретінде ACINO өзі жасаған дайын өнімді тасымалдап және/немесе препараттарды ойлап табу мен тіркеуден бастап келісім-шартты өндіріс, қаптау және логистикаға дейін дайын шешімдер ұсынады. «АциноКаз» компаниясының кеңсесі ACINO компаниясының Қазақстан пен Азия елдеріндегі кәсібі үшін өңірлік өкілдігі қызметін атқарады.  ACINO  брендімен компания Таяу Шығыс, Оңтүстік Африка, Ресей, Моңғолия, ТМД елдері мен Латын Америкасы елдеріне өзінің жоғары сапалы өнімдерін таратады (www.acino.swiss).