21 миллион. Әділ Арынның не бүлдіргені белгілі болды

Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры Әділ Арынға мемлекеттік сатып алу кезінде 21 миллион теңге жымқыру айыбы тағылған.

Арын тауарларды тым асыра көтерілген бағалармен сатып алып келген. Оған бұл істе Бейбітшілік және келісім сарайының бөлім бастығы көмектескен.

Олар LED-экран сатып алу кезінде ұсталып қалды. 33 миллион теңгеге бағаланған экранды сатып алған, бірақ сатушыға небәрі 11 жарым миллион теңге аударған.

Әділ Арын Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры болып 2016 жылы келді. Әлеуметтік желілердегі суреттеріне қарағанда, шалқып өмір сүріп келген: сұлулық байқауларына жиі барып, спорт және шоу-бизнес жұлдыздарымен суретке түседі екен. Сондай-ақ, қызметтік сатылармен де жылдам көтерілген адам ол: «Қазақфильмде» басшы болып істеген, Сенат депутатының көмекшісі болған. Кезінде тағы астаналық ішкі саясат департаментінде басшының орынбасары болған.

zakon.kz