Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның екі облысында болатын қолайсыз ауа-райы жайлы ақпарат жариялады.

«12 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтауда 12 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %», — делінген метеорологтардың хабарламасында.

12 ақпан күндіз-13 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с; 14 ақпанда кей жерлерде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с; 13-14 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

zakon.kz