Орталықтандырылған сумен қамту қызметіне Астана халқының 99,8% қосылған 

Су ұңғымалары мен құдықтарды қала халқының бар болғаны 0,2%  пайдаланады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов сапалы сумен қамтамасыз ету және ағын суды дер кезінде бұру және тазалау елорда үшін өзекті мәселе болып табылатындығын айтты.

«Халықтың орталықтандырылған сумен қамту қызметіне қолжетімділігі қала бойынша 99,8% құрайды. Оның 94,5%-ы «үй ішіндегі су» абаттандыру дәрежесіне және 5,3%  «көшедегі су колонкаларына» абаттандыру дәрежесіне жатады», — деді Қ. Айтмұхаметов елорда әкімдігінің ресми сайты түсірген сауалға жауап бере отырып.

Сондай-ақ, ол орталықтандырылмаған сумен қамту қызметін (ұңғыма, құдықтар) 0,2% (немесе 1 286 адам) Интернациональный және Мичурино кентінде тұратын қала халқы пайдаланып жатқанын айта кетті.

Астананы сумен қамтамасыз ету Астанадағы су қоймасынан жүзеге асырылады. Оның  жалпы көлемі 410,9 млн текше метрді құрайды.

«Жыл сайын елорданың су дарбазасы өткен жылдармен салыстырғанда 3-10% ұлғайып, орта есеппен 98,0 млн текше метрді құрауда. Су жабдығы желісінің ұзақтығы — 1332 шақырым.

Оны пайдаланатын кәсіпорын — «Астана су арнасы» МКК.