Jastar Jalyny жастар форумына қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті 

Jastar Jalyny аймақтық жастар форумына мыңнан аса адам келді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Форумды ұйымдастырушылар шараның форматын өзгерту мен танымал жастардың арасындағы үздік спикерлерді тартудың арқасында, шараға келушілердің саны күткендегіден асып түскенін айтты.

«Мұндай форумдар Астанада жиі өтіп тұрады. Осы жылы біз аймақтық жастар форумының форматына аздап өзгеріс енгіздік. Таңдаулы спикерлерді шақырдық, көптеген адамдар тіркелді. Спикерлердің басты критерийі – олар жастарға қызықты болуы керек. Бастапқыда біз форумға 500 адам келеді деп жоспарладық, бірақ форумның бас кезінде 1000-нан аса адам тіркелді», — деді «Қазақстан студенттер альянсының» жетекшісі Ильяс Түстікбаев.

Ұйымдастырушылар таңдап шақырылған спикерлердің келуі — көрермендерді тартып қана қоймай, жастарға форумның идеясы мен мақсатын жеткізе білгендігі басты жетістік болды деп есептейді.

«Бастысы – форумды жай ғана өткізіп қоя салу емес, жастарға ақпарат пен оның идеясын жеткізу. Біздің спикерлер мұны жақсы меңгерген, себебі олардың арасында атақты вайнерлер, шоумендер, продюсерлер,  танымал бизнесмендер болды. Жастарға оларды тыңдаған қызықты, болашақта олардан үлгі алып осы бағытта дамуы мүмкін. Бізде мектеп оқушылары да, колледж, ЖОО студенттері мен жас жұмысшылар да бар», — деді И. Түстікбаев.

Аталған 5 бағыт бойынша 20 спикерден бөлінді. Әр бағыттың мақсаты жастарға мемлекеттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеясын түсіндіру. Еске сала кетейік, 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды, бұл өз кезегінде ауқымды Jastar Jalyny жобасын ұйымдастыруға қосымша серпін берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *