Зейнетақы қорындағы 300 млрд. теңге банктерге таратылып беріледі

Мемлекет басшысы екінші деңгейлі банктерге 600 млрд. теңге бөлуді тапсырған-тұғын.

Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің екінші деңгейлі банктерге арналған ақшаны қайдан аларын айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Мен білсем Ұлттық банк қажетті қаражаттың тең жартысын Зейнетақы қорынан алмақ, өзгесін өз қалтасынан шығарады. Бұл ақша екінші деңгейлі банктерге қайтарымды негізде нарықтық мөлшерлемемен беріледі.

– Біздің мақсат осы ақшаның діттеген жеріне жетіп, тиісті деңгейде игерілуін бақылау, – дейді ол.

Смайыловтың сөзінше Зейнетақы қорындағы қыруар қаражат текке жатпай қордың активтері өсе түсу үшін айналымда жүруі тиіс.
Бұл үшін мұншама ақшаны бір жерге инвестициялау керек.

– Қордың ақшасын нарықтың мөлшерлемемен өз экономикамызға бағыттағалы отырмыз. Бұл қалыпты құбылыс. Әлемнің барлық елінде бар тәжірибе – Зейнетақы қорындағы ақша қайтарымды негізде экономикаға инвестицияланып,  соның есебінен қордың активі ұлғаяды, елдің де әл-ауқаты артады, – дейді ол.

Оның айтуынша алдағы уақытта Ұлттық банк  қай банкке, қанша көлемде, қандай талаптар негізінде қарыз беретінін анықтауы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *